Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі

РФММ-нің тауар таңбасы

Тауар белгісіне айрықша құқықты бұзу туралы хабарлама

«Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы (РФММ) – Қазақстан Республикасы тауар таңбалары мемлекеттік тізілімінде №98078 тіркелген РФММ-нің тауар белгісінің жеке-дара иесі екендігін хабарлайды.

РФММ өзінің тауар таңбасын үшінші тұлғаларға пайдалану құқығын бермейді.

РФММ-нің тіркелген тауар белгісін бұқаралық ақпарат құралдарында, жарнамада, маңдайшаларда және құжаттамада тиісті рұқсатсыз және сенім келісімінсіз пайдалану – тауар белгісі Иесінің айрықша құқығын бұзу болып табылатындығын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 158-бабы, ҚР Қылмыстық Кодексінің 222-бабы) сәйкес жауаптылыққа әкеліп соғатындығын ескертеміз.

РФММ тауар белгісін пайдалану бойынша қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін 8 705 168 27 25 нөміріне хабарласа аласыздар.