Fizmat Chess Open 2024 Uralsk
«Fizmat Chess Open 2024» жылдам шахматтан өтетін 1-3 және 4-6 сыныптар арасындағы ашық қалалық турнир
Жарыс 29.03.2024 жылы Салтанат Сарайы ғимаратында өтеді, мекен-жайы:
Орал қ., Астана ш-а, Абулхаир хан көш., 1.
Жарыс “Swiss-manager” компьютерлік жеребесін қолдана отырып, 9 турда реттелетін швейцариялық жүйе және ФИДЕ ережелері бойынша өткізіледі
Уақытты бақылау – әр қатысушыға партияның соңына дейін 8 минут, біріншісінен бастап әр айналымға 2 секунд қосылады. Партия жазбасы жоқ.
Турға 10 минуттан кешіктірілгені үшін жеңіліс есептеледі.
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР
Жарысқа қатысуға рұқсат етіледі:
А) 6-сыныптан аспайтын барлық оқушылар;
Б) қатысушылар саны шектеулі, 100 адамнан аспайды.
Турнир жарнасы – 5 000 (бес мың) теңге. Қатысушы турнирден шығарылған кезде жарна қайтарылмайды. Турнир жарнасын төлеу Kaspi төлем бойынша қабылданады.
Турнир жарнасын төлеу кезінде қатысушының толық аты-жөнін, оқу сыныбын көрсету және “период” бағанында “шахмат” деп жазу қажет.
Турнирге қатысуға өтінімдер 27.03.2024 ж. 09:00-ге дейін google белгілеген нысан (тіркеу нысаны) арқылы қабылданады.
Жүлде қорының жалпы сомасы – 500 000 (бес жүз мың) теңге.
Байланыс : + 7 777 529 7767 (WhatsApp) Айбек