Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА- МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«Республикалық Физика-Математика Мектебі» (РФММ) 1972 жылдың 16 қазанында Кеңес Одағының ірі университеттері жанындағы физика-математика мектеп-интернаттарына ұқсатып негізі қаланған еді.

РФММ бүгін - ол:

ЖОО-на түсу ұпайларының жоғары болуы (ҰБТ)

ҚР жоғарғы оқу орындарына түсу бойынша рейтингі

Республикалық және халықаралық олимпиадалардағы жеңістер

Оқушыларда физика-математикалық базаның болуы

Халықаралық олимпиадалардағы жүлдегерлер саны

Әлемнің ең үздік жоғарғы оқу орындарында оқуға дайындық

Халықаралық жобаларға қатысуға тартылған

Мектепте жоғары білікті оқытушылардың және заманауи инфрақұрылым базасының болуы

Қаржылық тұрақтылық және тиімді басқару

Түлектердің мектепті дамытуға бағытталған жобаларын қолдау

РФММ-нің басты мақсаты: Қазақстанның барлық өңірінен дарынды балаларды іріктеу және олардың білімі мен қабілетін дамыту әрі сол арқылы елдің зияткерлік элитасын қалыптастыру. Көптеген түлек ерекше корпоративті мәдениетімен көзге түсетін беделді саясаткерлерге, болашағы зор ғалымдарға және өз саласында жаңалық ашушы іскер бизнесмендерге айналды. РФММ-нің танымал түлектері: Асқар және Әнуар Жұмаділдаевтар, Т.Кұлыбаев, К.Келімбетов, Б.Сұлтанов, Н.Қаппаров, Е.Досаев, Қ.Қожамжаров, Е.Сағадиев, Б.Қаниев, В.Ким, Д.Еренчинов, И.Сегалович, А. Волож (Yandex), Р. Қалиев, Т. Ахсамбиев, А. Теңгебаев, С.Нұрғисаев, М.Әбдірахманов, А.Сұлтанғазин, А.Пак, А.Сырғабаев, А. Таспихов, Ф.Қуанғанов, И.Бейсембетов, А.Құсаинов, Н.Темірбеков, У.Әбдібеков, У.Өмірбаев, А.Жұмаұғұлов және тағы басқалары.

Мектеп тарихы

  • 1972

    «Республикалық Физика-Математика Мектебін» (РФММ) ашу туралы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1972 жылғы 16 қазандағы №555 Қаулысы;

  • 1990

    Республикалық Физика-Математика Мектебіне О.Жәутіковтың атын беру туралы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 14 ақпандағы №55 Қаулысы;

  • 2015

    «О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 358 Қаулысына сәйкес РФММ «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналды.

  • 2016

    «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №25 Қаулысына сәйкес РФММ акцияларының 50% «Назарбаев Зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымының меншігіне берілді;

  • 2016

    2016ж. 28 шілдеде РФММ Астана қаласында мектепті ашты: Астана қаласы, Түркістан көшесі 2/1.

  • 2021

    2021 жылы 16 қаңтарда Алматы қ. жаңа оқу корпусының, спорт кешенінің, асхана мен акт залының ашылуы
    Оқушылар контингентін 350 орынға ұлғайту

Түлектер:

Біздің түлектер келесі әлемдік және отандық ЖОО-на түседі:

Harvard, MIT, Yale, Princeton, Berkley, Oxford, Cambridge, Warwick, Назарбаев Университеті, Әл-Фараби атынд. КазҰУ, ҚБТУ, Қ. Сәтпаев атынд. ҚазҰТУ, ММУ,

Н.Э. Бауман атынд. ММТУ, МФТИ, ММХҚИ және т.б. Осылайша соңғы он жылда РФММ түлектері келесі әлемдік жетекші университеттерге түсті;

Қазақстан — Назарбаев Университеті (90 астам түлек), ҚБТУ, Әл-Фараби атынд. КазҰУ, АЭБУ, Л. Гумилев атынд. ЕҰУ, ХАТУ, KIMEP, СДУ, Қ.Сәтпаев атынд. ҚазҰТУ, ММУ (Астана қ. филиалы) және басқалары;

АҚШ — 150 түлек, MIT (4), John F. Kennedy Harvard School of Government (1), Yale University (1), Princeton University (2), Berkley (6), University of Pennsylvania (1), Purdue University (10), Michigan University (4), California University, Northeastern University (3), Carnegie Mellon University (3), Rochester University (3), Pennsylvania State University (6) және басқалар;

Ұлыбритания — 140 түлек, Oxford University (2), Cambridge University (2), London Imperial college (5), Manchester University (3), Warwick University (5), Concord college (1), London Royal Holloway University (2), Essex University (3) London university-college (4) және басқалар;

ҚХР — 42 түлек, Beijing State University (3), Nanjing University of Science and Technology (9), Fudan University (5), Shanghai University (8) және басқалар;

Ресей — 245 түлек, ММУ (84), Н.Э. Бауман атынд. ММТУ (21), МФТИ (13), СПбМУ (9), МИФИ (22), ФҚҚ академиясы (6), ММХҚИ (4) және басқалар;

Сондай-ақ біздің түлектер Канада (32), Чехия (30), Малайзия (21), Сингапур (14), Корея (12), БАӘ (6), Франция (4), Гонконг (3) сияқты елдердің ЖОО-на түсті.