Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі

«РФММ» КеАҚ Басқарма Төрағасы Блогы

Құрметті Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары мен ата-аналары!

Менің жеке блогыма қош келдіңіздер! Бұл – сіздермен ашық әрі мазмұнды байланыс орнатуға арналған тамаша мүмкіндік. Аталған алаң өзара пікір алмасу мен бірлескен идеяларды жүзеге асыруда маңызды құралға айналады деп сенемін.

Республикалық физика-математика мектебі көптеген жылдар бойы еліміздегі сапалы білім мен жоғары академиялық жетістіктердің жарқын символы саналады. Біз мектептің бай тәжірибесі мен дәстүрін сақтай отырып, уақыт талабына сай дамуға және жаңа мүмкіндіктерді игеруге ұмтылудамыз.

Бүгінде РФММ-нің үш қалада филиалы бар.
Алматы – 7–11 сыныптар бойынша білім беру;
Астана – 1–11 сыныптар бойынша білім беру;
Орал – 1–6 сыныптар бойынша білім беру.

Осы сайт арқылы сіздер филиалдардың директорларына сұрақ жолдап, ұсыныс білдіре аласыздар.
Біздің басты мақсатымыз – әр оқушыға өз қабілетін ашуға, білімін тереңдетуге және болашақта қажет болатын өмірлік дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік беретін қолайлы, қауіпсіз әрі шабыттандыратын білім беру ортасын қалыптастыру. Әр баланың тұлғалық дамуына назар аудару, оның қызығушылығын қолдау және жетістіктерін бірге бөлісу – біздің басты ұстанымымыз.

Құрметті ата-аналар!
Сіздерді ашық диалогқа шақырамын. Мектептің дамуы мен бастамалары туралы пікірлеріңіз біз үшін аса маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз жұмысымызды жетілдіруге және балаларымыздың болашағын бірге қалыптастыруға көмектеседі.

Калиев Руслан Серикович
«РФММ» КеАҚ Басқармасының Төрағасы

Сұрақ қою

Құрметті достар!

Сұрақтарды жолдау кезінде төмендегі ережелерді сақтауыңызды сұраймыз:

  1. Бір өтініште тек бір сұрақ қана қойылуы тиіс.
  2. Сұрақ тек РФММ  филиалдарының қызметіне ғана қатысты және өзге өңірлер мен ұйымдарға арналмаған болуы тиіс.
  3. Сұрақ сыпайы түрде жазылуы қажет; балағат сөздер мен орынсыз пікірлерге жол берілмейді.
  4. Егер өтініш шағым түрінде болып, белгілі бір қызметкерге немесе ұйым жұмысына қатысты болса, ол нақты деректер мен дәлелдерге негізделуі тиіс.

Аталған талаптар сақталмаған жағдайда сайт әкімшілігі сұрақты жауапсыз қалдыру немесе өшіру құқығына ие.